Мәмлүк
қыпшақтары
жазба
ескерткіштерінің
тілі
Толығырырақ
Жоба туралы
Түркі әлемінің бір күре тамыры ретінде кешегі тарихи қыпшақ тілінің бір бұтағы Мәмлүк қыпшақтарының тілі, бүгінгі қазақ тілінің тарихи кезеңі екені рас. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» [1] атты халыққа Жолдауында міндеттеген «мемлекеттік тілдің рөлін күшейтіп, ары қарай оның ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру» қажеттілігін қамтамасыз ету бағытындағы ең елеулі атқарылар іс – мемлекеттік тіліміздің ғылым мен технологияның, күнделікті қарым-қатынас пен іскери құжатнаманың тілі болумен байланысты. Әсіресе ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында болып жатқан технологиялық дамудың нәтижесінде тілімізде неологизмдерден бөлек, кірме терминдердің көптеп енуі қазақ тілінің төл сөздерін, әсіресе көнерген сөздерін мүлдем қолданыстан шығарып, ұмытылуға апара жатқаны аян. Осы тұрғыдан алғанда, ана тіліміздің тарихына үңіле отырып, қазіргі қазақ тіліндегі тілдік құбылыстарды, фонетикалық, лексикалық, грамматикалық өзгерістерді зерттеп, саралауға болады. Қазіргі таңда мағыналары көнеленіп, қолдану аясы тарылып кеткен тілдік бірліктерімізді тарихи аспектіде зерделеу арқылы қайтадан жандандыру мәселесін қолға алуымыз қажет. AP19679974 «Мәмлүк қыпшақтары жазба ескерткіштерінің тілі» атты ғылыми жобамыздың алдына қойып отырған мақсат-мүддесі де бабалардан қалған мирасымыз, тілдік қорымызды жандандыру, ұмыт бола бастаған лексикалық бірліктерді қайтадан қолданысқа енуіне жолаяқ болу, диахронды, синхронды салғастыру арқылы лексикалық, грамматикалық құбылыстардың тарихи себептерін анықтау және т.б. болып табылады.
Мақсат және міндеттер
Тіліміздің тарихи кезеңдерінің бірі болып табылатын Мәмлүк қыпшақтары тілін тарихи грамматикамен қатар тарихи лексикология тұрғысынан зерттеп, лексикалық бірліктерді зерттеу, оларды мағыналық топтарға жіктеу, сөздердің жасалу жолдарын көрсету, қазіргі таңда тіліміздің актив қабатынан түсіп қалған сөздерді қайта жаңғырта отырып, тілдік қорды байыту, төз сөздерді қайтадан пайдалану үдерісін қалыптастыру.
Жарияланымдар
Конференция материалдары
Жоба мүшелері
Бегимова Гулжанат Абдрахмановна
Жоба жетекшісі
Кенжалин Қуанышбек Кәрімұлы
Бас ғылыми қызметкер
Оразбек Мақтагүл Социалқызы
Жетекші ғылыми қызметкер
Еспекова Ләззат Әубәкірқызы
Жетекші ғылыми қызметкер
Ескиндирова Маншук Жумабаевна
Жетекші ғылыми қызметкер
Шалғынбекова Аяужан Бауыржанқызы
Ғылыми қызметкер
Данияр Әлия Ахмедияқызы
Кіші ғылыми қызметкер
Зинедина Айерке Сағынғалиқызы
Кіші ғылыми қызметкер
Шалғынбай Нұрбек Қайырғалиұлы
Кіші ғылыми қызметкер